Олардың мәліметі бойынша, келеңсіз жағдай кеше таңертең, Emerald Casino құмар ойын мекемесінде болған. Медицина қызметкерлері оқиға орнынан үш адамның денесін тапты. Кейінірек жергілікті ауруханада зардап шеккен адам бары анықталды. Полиция оқ атқан адамды іздестіріп жатыр.
08:26, 18 Желтоқсан 2019
АҚШ-та казинода болған атыс: 3 адам қаза тапты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Монтана штаты Грейт-Фолс қаласындағы казинода болған атыс кезінде үш адам қаза тауып, бір адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC телекомпаниясына сілтеме жасап.