АҚШ-та киносыншылар жылдың үздік фильмін атады

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Киносыншылар қауымдастығы «Арго» Операциясы» атты туындыны 2012 жылдың ең үздік фильмі деп атады,

ал оны жасаған Бен Аффлек үздік режиссер атағына ие болып отыр, деп хабарлайды ресейдің жаңалықтар агенттігі.

Қырық жастағы актер, сценарист және режиссер бұның алдында «Ақылды Уилл Хантинг» атты фильмндегі сценарийі үшін «Оскар» алған болатын.

Киносыншылар қауымдастығы, 200 шақты осы саланың тісқаққан мамандарын бiрiктiретiн ең iрi кәсiби одақ болып табылады. Ал олардың сын-көзқарастары 24 ақпан күні «Оскар» сыйлығын табыс ететін АҚШ-тың Киноөнер академиясының мүшелерінің пікірлеріне үлкен ықпал жасайтыны белгілі.