АҚШ-та көлік жүргізуші лотереядан 153 млн доллар ұтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алыс сапарға қатынайтын америкалық жүргізуші жүк көлігі тұрағынан сатып алған жалғыз лотерея билетімен 153 миллион доллар ұтып, аяқ астынан байып шыға келді.

Associated Press агенттігі хабарлағандай, Вирджиния штатының 52 жастағы тұрғыны Стивен Пелокин жұмыс бабымен Пенсильвания штатында болған. Ол Милтонда жүк көлігі тұрағынан Mega Millions лотереясын сатып алады. Ұтыс ойыны өткен аптада болған. Алайда Стивен өзінің осынау бас айнарлық табысы жайлы интернеттен сенбі күні кешқұрым білген.

Жолы болғыштың журналистерге айтқанындай, ол ұтысы жайлы білгенде, өз-өзіне сенбей, түні бойы дөңбекшіп ұйықтай алмай шыққан көрінеді.