Associated Press агенттігі хабарлағандай, Вирджиния штатының 52 жастағы тұрғыны Стивен Пелокин жұмыс бабымен Пенсильвания штатында болған. Ол Милтонда жүк көлігі тұрағынан Mega Millions лотереясын сатып алады. Ұтыс ойыны өткен аптада болған. Алайда Стивен өзінің осынау бас айнарлық табысы жайлы интернеттен сенбі күні кешқұрым білген.
Жолы болғыштың журналистерге айтқанындай, ол ұтысы жайлы білгенде, өз-өзіне сенбей, түні бойы дөңбекшіп ұйықтай алмай шыққан көрінеді.