Олар жыртқыштың аяқтарына кісен салды, деп жазды Daily Mail басылымы.
Бейнежазбадан қолтырауынның тым ашулы екенін және оны арнайы арқанмен ұстау кезінде департамент агентттеріне шабуыл жасауға әрекеттенгенін көруге болады. Жыртқышқа тұзақ салған ер адамдар оны көгалға сүйреп, жақтарын қарыстыра қара лентамен буып тастады.
Осыдан кейін біреуі аллигаторды ұстап тұрды, ал екіншісі жыртқыштың артқы аяқтарына темір кісен салды. Кісеннің қысқа шынжыры қолтырауынның аяқтарына жетпегендіктен екіншісін қолдануға тура келді.
Қауіпті оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ.