АҚШ-та көмекші жануарлардың ресми бекітілген тізімі бар, енді оның қатарын маймылдармен толықтыру жоспарлануда, деп хабарлады RG. Маймылдар сал адамдардың қолынан келмейтін міндеттерді орындайды деп болжамдалуда, оларға: жарық сөндіру, келесі бетті парақтау немесе күйтабақ қосу және т.б. сеніп тапсырылмақ.
Мамандардың пікірінше, приматтардың дау тудырмайтын жетістіктерінің бірі - олардың 40 жасқа дейінгі өмір сүру ұзақтығы. Осыған орай олар мүгедектердің өмірлік досы бола алады екен.
Мұқтаж жандар маймылдарды тек пәтерлерде, үйлерінде ғана пайдалануға рұқсат етілмек. Ал үй маймылдарының көмегін көшеде, көпшілік орындарда алуға тыйым салынған.