АСТАНА. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат - АҚШ-та, Нью-Мексика штатының шөлінде әлемдегі алғашқы ғарыш айлағы ашылды. Оның ашылу рәсіміне Virgin Galactic компаниясының басшысы, миллиардер Ричард Бренсон, Нью-Мексика штатының губернаторы Билл Ричардсон және ондаған болашақ ғарыш туристері қатысты. Бренсон мырзаның айтуынша, ғарыш туризміне арналған «SpaceShip Two» кемесі алғашқы сапарын алдағы 1,5 жылдың ішінде жасап қалады, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Бортына алты турист ала алатын ғарыш кемесі осыдан екі апта бұрын алғашқы сынағын өткізді.
Қазіргі таңда 380 әуесқой-астронавтар болашақ сапарлары үшін Virgin Galactic компаниясына 50 миллион доллардай жолақы төлеп қойған. Бірнеше минутқа созылатын ғарыш сапары 200 мың доллар тұрады.