Жүйедегі іркіліссалдарынан бірнеше мың жолаушы кезек күтіп отырды.
Америка билігі компьютержүйесі қайта қосылғанын мәлім етті, жолаушылар мәліметі қайта өңделеді. Өйткеніжүйе өшірілген соң шетелден келген жолаушылар кідіріп қалды. Елдің 4 штатындаосындай жағдай байқалды.
АҚШ Кеден жәнешекаралық бақылау қызметі бұған дейін мәселе шешім тапқанша «балама үдерістерді»пайдаланатынын, ол «бұрынғыға қарағанда көбірек күтуге тура келетінін»мәлімдеген еді.
«Қазіргі уақыттағымәлімет бойынша ақау қасақана жасалмаған», - делінген қызметтің таратқан хабарламасында.
Компьютерлік жүйедегі ақау ұшып кететін жолаушылардың сапарына кедергі келтірмеді.
Фото NBCNews