АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 90 млн-ға жақындады
15:23, 30 Шілде 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пандемия басталғаннан бері әлемде коронавирусты жұқтырудың 572 239 451 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны 6 390 401 адамды құрайды.
Жұқтыру бойынша көшбасшы елдердің үштігіне мыналар кіреді:
АҚШ - 89 803 788,
Үндістан - 43 979 730,
Бразилия - 33 704 393 жағдай.