АҚШ-та коронавирустан 37 мың адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-та коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 32 451 адам тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Шұғыл штабқа сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 710 021-ге жетті. COVID-19-дың кесірінен тағы 2 535 адам көз жұмды. Қайтыс болғандардың жалпы саны – 37 154.