АҚШ-та ұшақ қозғалтқышына кіріп кеткен қоян салдарынан өртеніп кете жаздады
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-та United Airlines әуе компаниясының ұшағы Денвер әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Оған ұшақ қозғалтқышына қоянның кіріп кетуі себеп болды, деп хабарлайды ABC News телеарнасы.
Boeing 737-800 ұшағы Денверден Эдмонтонға ұшып бара жатқан. Оның бортында 153 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Ұшақ әуеге көтерілген кезде оның қозғалтқышынан өрт шыққан. Экипаж бірден әуежайға қайта оралуға шешім қабылдаған.
Қуанышқа орай, ешкім зардап шекпеген. Барлық жолаушы келесі рейске отырғызылған.
Аталған жайттан кейін АҚШ Азаматтық авиация федералды басқармасы (FAA) тексерісті бастап кетті.
Ведомство атап өткендей, бұндай жағдай осымен төртінші рет қайталанып отыр.
Бұдан бұрын Канадада ұшақ апатты жағдайда қону кезінде өртеніп кеткенін жазғанбыз.