АҚШ-та құмды дауыл ірі жол-көлік апатына соқтырып, бір адам қазаға ұшырады

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Американдық Аризона штатындағы құмды дауыл үш жол-көлік апатына соқтырып, бір адамды мерт қылды, 15-тен астам адам жарақат алды,

деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс агенттігі жергілікті өкімет орындарына сілтеме жасап.

Штаттың қоғамдық қауіпсіздік басқармасының мәліметтеріне қарағанда, жол-көлік оқиғасы жолдың көрінуі нашарлауы себебінен, бұл оқиғаға 24 автомобиль тап болған. Басқарма өкілі Барт Грейвстің хабарлауынша, екі адам ауыр халде жатыр, алайда ауа райының нашарлығынан құтқарушылардың оларды тікұшақ көмегімен ауруханаларға жеткізулеріне мүмкіндік болмай отыр.