Бір күн ішінде күмістің бағасы 27,64 долларлық шегіне жетіп - 1980 жылдың наурызынан бергі ең жоғары көрсеткішке көтерілді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Алтын жеткізуге желтоқсан айында әр унциясына 1403,20 доллардан келісімшарт жасалды, ол өткен сауда қорытындыларымен салыстырғанда 5,50 долларға немесе (0,4 процентке) көп. Осы металдарды шұғыл жеткізуге жасалған мәміле дүйсенбі күні әр унциясына 1410,60 доллардан келісіліп, алтынға деген бағаның шарықтау шегіне жетті.