Интернет сайттың мәліметтеріне қарағанда, Кентукки штатына қарасты Хайден қаласында 38 жастағы Алисса Нобл көлікті басқара алмай, күннің тұтылуын тамашалап тұрған бір топ адамдарды қағып кетті. 23 жастағы ер азамат оқиға болған жерде көз жұмды. Тағы бір әйел мен жарық бағанына соғылған көліктің жүргізушісі жарақат алды.
Жол апатының себеп-салдарын анықтаумен осы шаттың полициясы айналысып жатыр.
Күннің тұтылуын Тынық мұхиты жағалауларынан жергілікті уақыт бойынша сағат 10-19-да толық көруге болатын еді.