АҚШ-та құны 250 мың доллар болатын Рембрандттың суретін ұрлап кетті

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы «Ritz-Carlton» қонақүйінен 250 мың АҚШ долларына бағаланып отырған суретші Рембрандттың «Өкім» атты туындысын ұрлап әкетті, деп хабарлайды Утро.ру.

Полиция болса қылмыс әбден жоспарланған деген пікірде. Қонақүйде ұйымдастырылған көрме кураторының назары басқа жаққа бұрылған кезде ұрлықшылар сол сәтті жақсы пайдаланып кеткен. Қазіргі таңда құқық қорғаушылар бейнебақылаудағы жазбаларды тексеруде.

Қонақүйдегі көрмені Сан-Францискода орналасқан Линеарис институты ұйымдастырған болатын.