АҚШ-та Құрылтай сайлауы қалай өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — 23 тамызда АҚШ-тағы үш сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр, қазақстандықтар дауыс беруге қатысып, еліміздің болашақ даму бағытын айқындауға өз үлестерін қосты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Вашингтондағы меншікті тілшісі.

Фото: Рүстем Қожыбаев / Kazinform

АҚШ-тағы сайлау учаскелері еліміздің дипломатиялық өкілдіктері жанынан жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00–ден 20:00–ге дейін жұмыс істейді.

№ 413 сайлау учаскесі Вашингтондағы Қазақстан елшілігі жанынан ашылды. Мұнда АҚШ-тың оңтүстік және оңтүстік-шығыс штаттарында тұратын Қазақстан азаматтары дауыс бере алды.

Фото: Рүстем Қожыбаев / Kazinform

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Гаухар Құдайбергенқызы Ниеталина Вашингтондағы Джонс Хопкинс университетінде «500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.

— Бүгін мен үшін де, көптеген қазақстандықтар үшін де өте маңызды күн. Бүгін Қазақстанның жаңа Парламентіне сайлау өтіп жатыр. Біз азаматтық борышымызды орындауымыз керек. Сондықтан бүгін өз таңдауымды жасадым. Қазақстанды жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенемін, — деді Гаухар Ниеталина.

Дамир Алтынбаев бұл сайлауды қазіргі Қазақстан үшін тарихи оқиға деп бағалады.

— Бұл — қазіргі Қазақстан үшін тарихи оқиға. Біздің үлесіміз еліміздің басшылығы мен Қазақстан халқы қабылдаған маңызды шешімдердің бірі болады деп санаймыз, — деді ол.

Фото: Рүстем Қожыбаев / Kazinform

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты Лаура Дауриндаева бүгінгі сайлау еліміздің дамуының жаңа кезеңіне бастайды деген үмітін білдіріп, Қазақстанға амандық пен өркендеу тіледі.

Фото: Рүстем Қожыбаев / Kazinform

Ал Джонс Хопкинс университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген Меруерт Жанзакова әрбір қазақстандық үшін елдің болашағы үшін өз таңдауын жасау маңызды екенін атап өтті.

Фото: Рүстем Қожыбаев / Kazinform

— Қазақстанның әрбір азаматы үшін еліміздің болашағы үшін өз таңдауын жасау маңызды күн. Оның қай жерде жүргені маңызды емес, — деді Меруерт Жанзакова.

Дәстүр бойынша қазақстандықтар сайлауға отбасыларымен бірге барды. Солардың қатарында Асылхан Сүйіндіковтың отбасы да болды.

Фото: Рүстем Қожыбаев / Kazinform
Фото: Рүстем Қожыбаев / Kazinform
Фото: Рүстем Қожыбаев / Kazinform
Фото: Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы

№ 414 сайлау учаскесі Нью-Йорктегі Қазақстанның Бас консулдығы жанынан жұмыс істейді. Бұл учаскеде АҚШ-тың солтүстік және солтүстік-шығыс штаттарында тұратын Қазақстан азаматтары дауыс берді.

Фото: Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы

Нью-Йоркте алғашқылардың бірі болып белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мадина Сәдуақасова дауыс берді.

Фото: Қазақстан Республикасының Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығы

АҚШ астанасымен уақыт айырмашылығына байланысты кейінірек Сан-Францискодағы Қазақстанның Бас консулдығы жанынан № 472 сайлау учаскесі ашылды. Ол АҚШ-тың батыс штаттарын қамтып, елдегі дауыс беру процесін аяқтайды.

Калифорния университетінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Болашақ» бағдарламасымен білім алып жүрген Айман шетелде жүрсе де Қазақстандағы маңызды шараларды жібермеуге тырысатынын айтты.

Фото: Қазақстан Республикасының Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығы

— Мемлекетіміз жастардың білім алуына және дамуына әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеді. Мен Сан-Францискоға азаматтық ұстанымымды білдіру үшін сайлауға қатысуға арнайы келдім, — деді Айман.

Бұған дейін шетелдегі дауыс беру 24 тамыздың таңына дейін жалғасатынын жаздық.