НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Далласта (Техас штаты) тұрғын үй кешеніне құрылыс краны құлап, бір адам қаза тауып, алты адам жарақат алды. Бұл жайлы CNN телеарнасы хабарлады.
Телеарна мәліметінше, құрылыс алаңында жұмыс істеп тұрған кран қатты жел салдарынан қаланың орталық бөлігінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйге құлаған.
Даллас және оған көршілес қалаларда соңғы сағаттарда ауа райы қолайсыз болып, бұрқасын жел мен бұршақ жауған.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.