Агенттіктің мәліметі бойынша, бес адам оқиға орнында көз жұмса, тағы біреуі ауруханада қайтыс болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті, олардың төртеуі жұмыс барысында зардап шекті. Фабриканың 130-ға жуық жұмысшысы эвакуацияланды, оларды дәрігерлер тексеріп жатыр.
11:15, 29 Қаңтар 2021
АҚШ-та құс фабрикасында химиялық заттан уланған алты адам көз жұмды
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Джорджиядағы құс фабрикасында бейсенбі күні сұйық азот тарап кетіп, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.