АҚШ-та қыз аттракционнан құлап ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Техас штаты Эль-Пасо қаласындағы ойын-сауық саябағындағы аттракционнан құлаған қыз көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости.

Тез айналатын әткеншектегі орындарынан 15 және 18 жастағы қыздар құлағаны хабарланды. Олардың бірі қаза тапты, екіншісін түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізді.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.