Олардың ішінде Леди Гаганың алғашқы пианиносы бар. Бұл музыкалық аспапта Стефани Джерманотта өзінің тұңғыш әнін жазды. Болашақ жұлдыз ол кезде бес жаста болатын. Ұйымдастырушылар бұл музыкалық аспап 200 мың долларға дейінгі баға деңгейінде сатылады деп отыр.
Сондай-ақ, сатылымға "Битлз" әндерінің бірінің түпнұсқасы қойылады. Джон Леннон оны қарапайым қағазға жазған. Ал бұл жарты миллион долларға бағаланып отыр. Өзге лоттардың ішінде "Нирвана" лидері Курт Кобейннің хаты және Queen тобының мүшесі - Фредди Меркуридің сахнада киген костюмы бар, деп хабарлады Vesti.ru.