АҚШ-та лотерея жеңімпазына рекордтық 590 млн. доллар бұйырды

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - АҚШ-та «Пауэрболл» лотереясынан рекордтық сома 590,5 млн. доллар ойнатылды.

Бұған дейінгі ең жоғары сома өткен жылдың қарашасында 587,5 млн. доллар көлемінде жеңімпазға бұйырған болатын, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Аталған лотереяны ұйымдастырушылардың хабарлауынша, бақытты нөмір мыналар: 10, 13, 14, 22 және 52. Ең жоғары жүлде осы бес санды және алтыншы 11 санын дұрыс көрсеткен билетке бұйыруы тиіс. «Пауэрболлдың» хабарлауынша, мұндай билет Флорида штатында сатылған.