Ол он мың доллар ұтқанына сенімді болғандықтан полицияға көршілерінің ауыстырып қойғанын айтып, шағым түсірген.
Жергілікті полиция бөлімінің Facebook-тегі парақшасында хабарланғандай, көршілердің бірі ұтысы бар билетті ауыстырып, ақшаны қолма-қол алмақшы болған. Бұдан бөлек, жеңімпазға тиесілі болған ұтыс 10 мың емес, 10 миллион доллар болып шықты.
Билетті ұрлаған көршісін ақшаны қолма-қол алуға келген кезде ұстап, ақшаны шынайы жеңімпазға берген.