АҚШ-та Майкл Дугластың 93 жастағы анасы қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та 93-ке қараған шағында белгілі актер Кирк Дугластың бірінші әйелі және Майкл Дугластың анасы - американдық актриса Диана Дуглас өмірден өтті, деп хабарлады ТАСС.

Ол қатерлі ісіктен Лос-Анджелес қаласының маңындағы Вудленд-Хиллздегі өз үйінде көз жұмған.

Өзінің шығармашылық мансабы өрлеп тұрған кезінде Дуглас 60-тан астам телевизиялық сериалдар мен шоуларға, 22 көркем фильмге түсті. Соңғы «Отбасылық құндылықтар» картинасында ол бұрынғы күйеуі Киркпен, ұлы Майклмен және немересі Кэмеронмен бірге ойнады. Оның басты рөлдері «Детектив Раш», «Жедел жәрдем», «Батыс қанат» телесериалдарында болды.

Бермуд аралдарында дүниеге келген Диана прокурор болып тұрған әкесінің қарсылығына қарамастан, актриса болу үшін Нью-Йоркке келді. Театр училищесінде Кирк Дугласпен танысып, 1943 жылы оған тұрмысқа шықты. 15 жыл бірге тұрған кезінде одан Майкл және Джоэль атты екі ұлды болды.

Келесі аптаның ішінде Лос-Анджелесте өтетін алғашқы әйелінің жерлеу рәсіміне 98 жастағы Кирк Дуглас келеді деп күтілуде.