Айыптаушы тарап атап өткендей, Мюррей өзінің емделушісіне ұйқының бұзылуына арналған пропофол препаратының мөлшерін тым көбейтіп жіберген. Дәрiгердiң қорғаушысы, өз кезегiнде, Джексон дәрінің өлімге әкеп соқтыратын мөлшерін өзі салған деген пікірден танбауда.
Егер Конрад Мюррейдің кінәсі дәлелденсе, төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Одан бөлек, ол дәрігерлік тәжірибемен айналысу құқығынан айырылады.