АҚШ-та мектеп автобусы аударылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Американың Мэриленд штатында мектеп автобусының аударылуы салдарынан бес адам зардап шекті. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Автобустың 50 жастағы жүргізушісі Тира Индиа Уилкокс жергілікті уақытпен шамамен сағат 07:00 кезінде 29-ыншы  тас жолға шыға берісте көлік құралына ие бола алмай қалған.

Автобус аударылған, кейін оған өзге көлік соғылған. Салдарынан 15 жастағы мектеп оқушысы мен үш ересек адам зардап шекті. Олардың өміріне қауіп жоқ.