АҚШ-та мектеп оқушысы екі сыныптасын жаралап, кейін өзіне қол салды

АСТАНА. KAZINFORM —  Сәрсенбі күні 16 жастағы оқушы АҚШ-тың Колорадо штатындағы Денвер қаласының батысындағы таулы аймақта орналасқан Evergreen High School мектебінде оқ жаудырды, деп хабарлайды Синьхуа.

Фото: pixabay.com

Джефферсон округі шерифінің кеңсесінің өкілі Джеки Келлидің айтуынша, жасөспірім екі оқушыға тапаншадан оқ атып, кейін қаруды өзіне бағыттаған.

Жараланғандардың бірі ауыр жағдайда екені белгілі болды, ал екіншісі өміріне қауіп төндірмейтін жарақат алған.

Атыстың себебі әзірге анықталмаған.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Осыған дейін АҚШ-тың Мэриленд штатының Балтимор ауданында атыс болып, кемінде 6 адам зардап шеккенін жазған едік.