АҚШ-та мектеп оқушысы «Баскин Роббинс» балмұздақ дүкенін тонап кетті
08:35, 25 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Орегон штатындағы Сэйлем қаласында 13 жастағы мектеп оқушысы балмұздақ дүкенін тонап кетті. Ол «Баскин Роббинс» дүкеніне пышақ ұстап кіріп, сатушыны қорқытқан, деп хабарлады Reuters.
Дүкеншінің айтуынша, мектеп оқушысы пышақпен қорқытып, ақша алып кеткен. Кейін оның 148 доллар бопсалағаны анықталды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқушының ата-анасына хабарласып, кәмелеттік жасқа толмаған ер баланы тұтқынға алды.