АҚШ-та мектепте атыс болып, қылмыскер өзіне қол салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Вашингтон штатындағы Мэрисвилл қаласында мектепте қарулы шабуыл жасалып, екі адам жараланды, деп хабарлады ВВС.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жалпы 6 адам зардап шекті. Қазір онда полиция шақырылып, дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Болған жағдайдың себебін анықтау үшін тергеу амалдары басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаған адам өзіне қол салып, сол жерде жан тапсырған.