АҚШ-та мемлекеттік қызметке іріктеуде жасанды интеллекті қолданылмақ

АСТАНА. KAZINFORM - АҚШ-тың федералды үкіметі жақын арада мемлекеттік қызметке үміткерлермен сұхбаттасу үшін жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдана бастайды.

Фото: The Diplomatic Insight

CBS News мәліметінше, АҚШ шенеуніктері бұл технология Tech Force бастамасы аясында сынақтан өтетінін хабарлаған. Осы бастама сегіз ай бұрын іске қосылған және оның мақсаты жеке технологиялық сектор мамандарын мемлекеттік органдарға екі жылдық мерзімге жұмысқа тартуға арналған.

Бұл ретте үміткерлерді іріктеу үшін CodeSignal платформасы қолданылмақ.

Осы технологияны тестілеуден өткізу шешімі АҚШ-тың Кадрлық қызмет жөніндегі басқармасының (OPM) жаңа ұсынымдары аясында жасалды. Себебі федералды деңгейдегі жұмысқа қабылдау процесі дәстүрлі түрде ұзаққа созылатын процесс болғандықтан, аталған басқарма мемлекеттік мекемелерді қызметкерлерді іріктеу кезінде жасанды интеллектіні кеңінен қолдануға шақырды. Сонымен қатар, ведомство кадрларға қатысты маңызды шешімдер қабылдау кезінде адамдар тарапынан бақылаудың сақталуы қажет екенін ерекше атап өтті.

Айта кетейік, жақында БҰҰ Бас Ассамблеясы Тәжікстанның бастамасымен 31 тамызды 2027 жылдан бастап Халықаралық қауіпсіз, қорғалған және сенімі ақталған жасанды интеллект күні деп жариялау туралы қарар қабылдады.