АҚШ-та мигранттар саны күрт төмендеді
АСТАНА. KAZINFORM — Pew Research Center есебіне сәйкес, соңғы онжылдықта алғаш рет Америка Құрама Штаттарында келгендерден кеткендер көбірек болды.
Ұйымның мәліметінше, АҚШ-қа келетін мигранттар саны соңғы рет 1960 жылдары азайған.
2024 жылдың аяғында АҚШ-та 53,3 миллион мигрант тұрды, бұл ел тарихындағы рекордтық көрсеткіш саналады. Алайда Дональд Трамп президент болып, миграциялық саясатты қатайтқаннан кейін жағдай күрт өзгерді.
Алты ай ішінде мигранттар саны шамамен 1,5 миллион адамға азайды: белгілі бір бөлігі елден өз еркімен кетті, басқалары депортацияланды.
The New York Times мигранттар санының мұндай елеулі азаюы 1930-жылдардағы Ұлы депрессия кезінде ғана байқалғанын атап өтті.
Түрлі деректерге сәйкес, 400 мыңнан 1 миллионға дейін мексикалықтар мен түбі мексикалық болған америкалықтар АҚШ-ты тәрк еткен, олардың көпшілігі репатриация бағдарламасы аясында қоныс аударған.
Еске сала кетейік, АҚШ елшілігі қазақстандықтарға визаның қолданылу мерзімі туралы түсініктеме берді.