АҚШ-та «Мұсылмандардың күнәсіздігі» фильмінің продюсері қамауға алынды

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ғаламторға «Мұсылмандарың күнәсіздігі» атты 14 минуттық арандатушы роликті салушы және сондай атаумен шыққан фильмнің продюсері Накула Бассели Накула бейсенбі күні Лос-Лос-Анджелес қаласында ұсталды.

Қамауға алу себебі  сынау мерзімінің талаптарын бұзу болды. 2010 жылы Накула банк карталарымен жасаған алаяқтығы үшін түрмеге отырғызылып, бес жыл бойы ғаламторды пайдалану құқығынан айырылған.

 Лос-Анджелес федералдық сотының өкілі хабарлағандай, бұл адамға «арнайы рұқсатсыз интернетке кіруге тыйым салынған».

Роликті салғаны үшін Накула Бассели Накула түрмеге оралуы тиіс. Бейнемонтажды "Ютьюб" / YouTube/ порталына салынған, автордың есімі Сэм Бесил бүркеншік атымен жазылған.

Фильмнің қосарлас авторы Джозеф Назралла: «Лентаның продюсері болып табылатын Накула роликті өзі монтаждап, оған жаңа диалогтарды өзі қосқан, бұл туралы шығармашылық топ бейхабар болған», - деді.