АҚШ-та мұз үстінде тұраққа қойылған көліктер суға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Висконсин штатында онға жуық көлік мұз астында қалды, деп хабарлайды RT.

Олардың иелері көліктерін мұз қатқан Женева көліне тұраққа қойып, жақын жерде өтіп жатқан Қысқы фестивальға кеткен. Көліктердің салмағына шыдамаған мұз жарылып, олардың барлығы суға батты.

Оқиға куәгерлерінің бірі суға жартылай түскен көліктерді ұялы телефонына түсіріп алды.