АҚШ-та несие карталары мен автонесиелердің мерзімі өткен төлемі көбейген

АСТАНА. KAZINFORM – Йорк Федералдық қор жүйесі несие карталары мен автонесиелердің мерзімі өткен төлемдері көбейген деп санайды. Бұл туралы FOX Business хабарлады.

Фото: communityvoiceks.com

2025 және 2026 жылдың екінші тоқсанын салыстырғанда несие карталары бойынша қарыз үлесі 6,93%-дан 6,97%-ға дейін өсті. Осы кезеңде автонесиелер бойынша төлемдердің кешіктірілуі де 2,93%-дан 3%-ға дейін өсті. Мерзімі өткен ипотекалық несиелердің үлесі 1,29%-дан 1,52%-ға дейін өсті.

Несие карталары бойынша қарыз жалпы баланстың 6,97%-ы болды, оның ішінде 90 күннен астам мерзімге кешіктірілген төлемдер 2,3%.

Нью-Йорк Федералдық қор банкі өз талдауында 2022 жылдың үшінші тоқсанынан 2026 жылдың бірінші тоқсанына дейін төлемі 90 күннен астам мерзімге кешіктірілген несие карталарының үлесі 7,6%-дан 12,8%-ға дейін өскенін атап өтті.

Осыған дейін АҚШ-та жылдық инфляция 3,4%-ға жеткені хабарланды.