«РИА Новости» хабарлағандай, Вашингтондағы Ресей елшілігінде бұл ақпарат расталуы керек. Дипломаттар америкалық тараптан оқиғаның мән-жайын күтіп отыр. Кейбір ресми емес деректерде қаза тапқан жеткіншектер Қазақстанда тууы мүмкін.
Еске сала кетейік, оқиға Лана Карлсон (49 жаста), Куин Карлсон (16 жаста) және Тори Карлсонға (18 жаста) қатысты. Көз жұмған тағы бір қыздың есімі әзірге аталмады. Тергеу мәліметтерінше, оларды Лана Карлсонның күйеуі, 51 жастағы Дэвид Уэйн Кемпбэлл атуы мүмкін. Оқиға орнына құқық қорғау органдары келгенде ол өз-өзіне қол салған.
Балалар құқығы бойынша РФ президенті жанындағы уәкіл Павел Астахов Twitter-дегі жеке парақшасында Белфейр (Вашингтон штаты) қаласында америкалық атып өлтірген адамдардың ішінде Ресейде туған балалар болды деп жазғанын ТАСС хабарлады.
Жергілікті БАҚ-та шыққан суреттерге қарағанда, Вашингтон штатында қаза тапқан жасөспірімдер арасында азиялық болған.
KIRO7 телеарнасы сенбі күні 18 жастағы Тори Карлсонның суретін жариялады. Азиялықтың суретін желіде таныстары жариялаған.