АҚШ-та орман өртін сөндіру кезінде ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатындағы Йосемити ұлттық саябағының маңында орман өртін сөндіруге бет алған ұшақ апатқа ұшырады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Fox News телеарнасының ақпараты бойынша, ол Форест ауданында 52 гектар аумақты жалмаған табиғи өртті жою үшін ұшып шыққан және күтпеген жерден диспетчерлермен байланысы үзілген.

Бортта тек ұшқыш қана болған, әзірге оның тағдыры белгісіз. ТЖ адам аяғы жету қиын жерде болғандықтан әзірше құтқарушылар жете алмай отыр.