Өрттің шығуына найзағай себеп болған. Жалын 870 шаршы шақырым жерді шарпып үлгерген. Қазіргі сәтте қаза болғандар жайлы ақпарат келіп түскен жоқ. Алайда құтқарушылар орманға қарай кеткен бетінен байланысқа шықпаған 10-шақты адамды іздестіріп жатыр. Олардың жоғалғанына бірнеше күннің жүзі болған.
01:53, 21 Шілде 2014
АҚШ-та өрт кесірінен мыңдаған ғимарат жарықсыз қалып, жүздеген адам үйін тастап шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 күн бұрын Вашингтон штатында басталған дала өрті 100-деген ғимаратты зақымдап, сонша адамды баспанасын тастап шығуға мәжбүр етті, деп жазады РИА «Новости».