АҚШ-та өрт кезінде бес бала қаза тапты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пенсильвания штатындағы Эри қаласында шыққан өрттен бес бала мерт болды, деп хабарлайды CBC News полицияға сілтеме жасап.

Өрт балаларкүндіз баратын орталықта болған.

HarrisFamily Day Care жеке орталығындағы өрт туралы хабар жексенбі күні түндежергілікті уақытпен сағат 1:12-де түскен. Өрт сөндірушілер төрт минуттың ішіндекелген, бұл уақытта өрт ғимаратты толықтай шарпып үлгерген.

Өрт сөндірушілер ғимараттың иесі Элейн Хэрристі ажалданаман алып қалды. Олауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, 12 және 17 жастағы екі жасөспірім құтқарылды.Олар жанып жатқан ғимараттың шатырына шығып, жерге секірген. Бұдан бөлек,өрттен көрші үйдің иесі зардап шеккен.

Қаза тапқанбалалардың есімдері мен жастары әзірге хабарланған жоқ. Өрттің неден шыққаныанықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар