АҚШ-та Орталық барлау басқармасының қызметкері құпия деректерді таратқаны үшін айыпты болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та сот бұрынғы ОББ қызметкерін Иранға қарсы операция жайлы құпия ақпаратты жария еткені үшін айыпты деп таныды, деп хабарлады ВВС.

Прокуратура деректеріне сүйенсек, Джеффри Стерлинг «New York Times» газетінде Иранға ядролық қару дайындау үшін жалған материалдар бермек болған операцияның егжей-тегжейін хабарлап қана қоймай, ОББ-ның басқа қызметкерлерінің өміріне де қауіп төндірген.

Бұл операция туралы ақпарат 2006 жылы газет репортері Джеймс Райзеннің кітабында жарық көрген. Ол кезде журналист бұл ақпаратты қайдан білгендігін айтудан бас тартқан.