АҚШ-та «Оскар» иегері Эрнест Боргнайн қайтыс болды

АСТАНА.  9 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ-та 95 жасқа толған шағында танымал актер Эрнест Боргнайн бақилық болды.

Reuters -тің хабарлауынша, ол 8 шілде күні Калифорниядағы госпитальда көз жұмған.

Актерлік қызметін ол ХХ ғасырдың 40-шы жылдарының аяғында бастаған еді.

1955 жылы Боргнайн «Марти» фильмінде басты рөлді орындап, сол үшін «Оскар», BAFTA және "Алтын глобус» жүлделерін алды. Кейінгі жылдары Боргнайн "Грязная дюжина", "Суперполицейский", "Побег из Нью-Йорка" және "Гаттака" сияқты фильмдерге түскен.

Егде жасына қарамастан, өмірінің соңғы жылдарында Боргнайн киноға түсуін жалғастырып, мультфильмдерді дыбыстандырды.