Ленхарттар отбасы жүксалғыштағы баласын кәмпит беріп алдаған. Олардың бұндай тәрбие әдістемесі туралы қамқорлыққа алу органдары өкілдеріне зардап шеккен баланың ағасы жеткізген. Осыдан кейін балаларды туыстарына берді, ата-аналарына қатысты бала өміріне қауіп төндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотта ерлі-зайыпты Джеффри мен Даниэль Ленхарт (Jeffrey и Danielle Lenhart) өз істеріне өкінетіндерін айтты. Судья баланы психологқа апаруды ұсынды, сондай-ақ ата-анасына екі жыл шартты түрде жазасын өтеу үкімін шығарды. Таяуда екі бала да үйлеріне қайтады.