АҚШ-та овчарка жанып жатқан үйден екі баланы құтқаруға жәрдемдесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс овчаркасы Флорида штатында жанып жатқан үйден екі баланы аман алыпа шықты, деп хабарлады People сайты.

Физердің көршілері өртке оранған үйді көріп, өрт сөндірушілерді шақырған. Үйде Макс атты ит болған. Ол өрт сөндіру қызметкерлерін іштегі екі, төрт жастағы балалар тығылған жерге ертіп барған.

Балалар мен олардың ата-аналары ауруханаға жатқызылды, қазір жағдайлары қалыпты. Үй толығымен өртеніп кетті. GoFundMe сайтында медициналық, ветеринарлық басқа да шығыстарға қаражат жиналуда. Қажетті 75 мың доллардың 15 мыңы жиналды.

Максқа иіс тиген, оған қажетті көмек көрсетілді.