Сот шешімі бойынша 39 жастағы Джарред Татко 42 жылға сотталды, ал оның 40 жастағы әйелі Кимберли темір торда 40 жылын өткізеді.
Сотта ерлі-зайыптылар өз айыптарын толықтай мойындады. Олар аутизммен ауыратын 9 жастағы ұлдарын ұзақ уақыт бойы саналы түрде аш ұстаған. Оны жеке бөлмеде қамап ұстаған. Айыптау тарабы баланың өлер сәтінде салмағы небары сегіз келі болғанын мәлімдеді.