Басылым келтірген деректер бойынша, қыз бала осы уақытқа дейін өзін ұрлап алған әйелді анасы деп санап келген. Қылмысты жасаған 51 жастағы Глория Уильямс ұрланған балаға жасанды құжаттар тауып алған, алайда туған күні мен жылы өзгертілмей қалған. Сақшылар осы дерек негізінде қыз баланың «ұрланған сәби» екендігін анықтаған. Олардың күдігін кейін ДНҚ-тест растап берген.
Қазіргі таңда Уильямсқа адам ұрлау фактісі бойынша айып тағылған. Алайда Камия өзінің туған отбасына оралуға асығар емес. Америка заңнамасы бойынша бойжеткен мен оның отбасы тек екі жақтың өзара келісімі бойынша ғана қосыла алады.