АҚШ-та пикап балалар мінген күймені қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Мичиган штатында автомобиль атқа жегілген күймеге соқтығысты. Оқиға Шеридан қаласында болған

Жол-көлік апаты кезінде күймеде 9 жасөспірім болған. Үш бала қаза тауып, алтауы ауыр жарақат алған. Бұл туралы Fox News телеарнасы хабарлады.

Апаттың себебі әзірге белгісіз, бірақ тергеу жүргізушінің мас болмағанын мәлімдеді. Ол зардап шекпеген.