34 жастағы Спэниш-Форк қаласының полиция офицері Джошуа Борен жұмысқа келмей қалған. Оның үйіне барған екі әріптесі терезеге жұққан қан мен бос гильзаны көрген. Ікке кірген бойда Дж.Бореннің өзі мен әйелі Келли Борен, сондай-ақ полицейдің қайын енесі мен екі баласы Джоуш пен Хейлидің мәйітінің үстінен шыққан. Марқұмдардың барлығы тиген оқтан ажал құшқан.
Полиция аталған қылмысқа қатысты хабар таратпай отыр. Әзірге тұтас отбасыны біреудің қасақана өлтіргені немесе Дж.Бореннің өзі өлтіріп кейін өз-өзіне қол жұмсағаны белгісіз.