АҚШ-та полицейлер мылтығын тастаудан бас тартқан ер адамды атып өлтірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Каролинаның полицейлері 20 минут бойы қолындағы мылтығын тастаудан бас тартқан ер адамды атып өлтірді.

Тәртіп сақшылары атқан ер адам Клинтон қаласындағы мейрамхана жанындағы көлік тұрағында өзінің машинасының ішінде отырған және қолында бытыралы мылтығы болған.

Офицерлер одан бірнеше рет қаруын тастап, машинадан шығуын талап еткен. Бірақ ер адам одан бас тартқан, деп хабарлайды АВСnews.

Полицейлер әлгінің өздеріне қарай мылтық кезегенінен соң оқ жаудырған. Ер адамды атқан офицерлер уақытша міндеттерін орындаудан шеттетілді. Олардың үстінен тергеу жұмыстары басталды.