Оқыс оқиға Харрисон округіне қарасты Билокси қаласында болған. Жүк пойызы автобусты соғып қоғамдық көлікті темір жол бойымен 100 метрге дейін сүйреген.
Пойыз ақырын келе жатқан, олай болмағанда құрбандар анағұрлым көп болуы мүмкін еді.
Жергілікті полиция өкілінің брифингте мәлім етуінше, Техастан келе жатқан автобус белгісіз себептермен темір жолдың бойында тоқтап қалған. Автобуста шамамен 50 жолаушы болған, оның дені қариялар.