Жұртшылық миллиардер Дональд Трампты көргісі келген болатын, алайда ол өзге кандидаттармен бірге сөз сөйлеуден бас тартты.
12:15, 04 Тамыз 2015
АҚШ-та президенттік бәсекенің алғашқы теледебаты өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенттігіне үміткерлер өзара пікір таластырып, шама-шарықтарын байқасты. Америкалық саясаткерлердің сайлауалды бәсекесінің бірінші теледебатында 13 адам сөз сөйледі, оның ішінде республикалықтардың көшбасшысы Джеб Буш та бар.