АҚШ-та рецессия 2009 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін - Федералды резерв жүйесі

ВАШИНГТОН. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - АҚШ-тың Федералды резерв жүйесінің төрағасы Бен Бернанкенің пайымдауынша, Құрама Штаттарда экономикалық рецессия үрдісі ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Федералды резерв жүйесінің төрағасы CBS телекомпаниясына берген сұхбатында қаржы рыногының тезірек орнығатындығына үміт білдіріп, онсыз 2010 жылы экономиканы қалпына келтіру мүмкін болмайтынын айтты. Ол сондай-ақ Құрама Штаттарда депрессия тәуекелінің алды алынғанын мәлім етті. Бен Бернанке мырзаның айтуынша, рецессия аяқталғанның өзінде, ағымдағы жылы жұмыссыздықтың деңгейі 8,1 пайызға жетуі мүмкін.