2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

АҚШ-та ресейлік хакерлерге айып тағылды

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ прокуратурасы төрт ресейлік және бір украиндық хакерге 160 миллионнан астам несиелік және дебеттік карталарды жымқыруға қатысты айып тақты.

Бұл туралы ВВС хабарлады.

Америкалық прокуратураның деректеріне қарағанда, хакерлік топ жеті жыл бойы әрекет еткен. Олар америкалық және халықаралық ірі компаниялардың мәліметтерін бұзған көрінеді.

Осының нәтижесінде жеке азаматтар мен ұйымдар жүздеген миллион доллар қаржыларынан айырылды.